Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда базарлар заманауи форматқа көшуде

Атыраудағы сауда орындары кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр. Қаладағы төрт ірі базардың екеуі – «Көктем» мен «Аламан» толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Ал «Дина» мен «Мерей» базарларында құрылыс әлі де жалғасуда.

Мамандардың айтуынша, жаңғыртылған базарларда санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптары күшейтіліп, тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, автотұрақ, онлайн-төлем жүйелері және заманауи инфрақұрылым қарастырылған.

Департамент өкілдері қалған базарлардың құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Заңға сәйкес, барлық ірі базарлар 2025 жылдың соңына дейін жаңғыртылуы тиіс. Әйтпесе, 2026 жылдан бастап талапқа сай келмеген жағдайда олардың жұмысы уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Айта кетейік, елімізде 2024 жылы 16 базар жаңартылды. Ал 2025 жылы тағы 100-ден астам нысанды заманауи форматқа көшіру жоспарланып отыр.

Ақтілек Базарбаева