Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда инклюзивті «Талшын» театры жаңа концерттік бағдарламасын ұсынды

Атырауда инклюзивті «Талшын» театры «Махаббат әлемді құтқарады» атты жаңа концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды.

2023 жылы құрылған театр бүгінге дейін 250-ге жуық ерекше жандарды сахнаға шығарып, олардың өнерін көрсетуге мүмкіндік беріп келеді. Ұжымның басты мақсаты – мүмкіндіктің шектеусіз екенін дәлелдеу.

Бұл жолғы концертте Құрманғазы ауданынан келген өнерпаздың және егіздердің ерекше қойылымы көрерменді тәнті етті. Сонымен қатар Құлсарыдан келген қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрмеге қойылып, сатылымға шығарылды.

– «Бағдарлама атауының махаббатпен байланысты болуы тегін емес. Қиын кезеңде бізді алға жетелеген – ата-анаға, балаға деген махаббат», – деді театрдың белсенді қатысушысы Есболат Балбаев.

Бүгінде «Талшын» театры шығармашылық алаң ғана емес, сондай-ақ даму орталығына айналып отыр. Қала тұрғындары үшін төрт тегін үйірме (арт-терапия, хореография, вокал, театр) жұмыс істесе, Құлсарыда вокал, би және қолөнер үйірмелері ашылған.