Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда Әмин Тұяқовтың құрметіне облыстық марафон өтті

Атырау университетінде оқу орнының 1960 жылғы түлегі, ардагер спортшы, Маңғыстау және Атырау облыстарының Құрметті азаматы Әмин Тұяқовтың құрметіне жеңіл атлетикадан облыстық марафон ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – спорт ардагерінің өмір жолын дәріптеу және жастарды салауатты өмір салтына баулу. Марафонға өңірдің әр ауданынан келген әуесқой және кәсіби спортшылар қатысып, белсенділік танытты.

Осындай іс-шаралар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, бұқаралық спорттың дамуына серпін берері сөзсіз.

Ақтілек Базарбаева