Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда мұнай алғаш қай жерден табылды?

Атырауды «мұнай астанасы» деп бекер айтпайды.Қазақстандағы мұнай тарихы дәл осы өңірден басталған.

1899 жыл. Атырау облысындағы Қарашүңгіл деген шағын жерде тереңдігі небәрі 40 метр ұңғымадан кенеттен мұнай фонтаны атқылады. Бұл — Қазақстандағы тұңғыш ресми тіркелген мұнай қоры. Оны бір адам жалғыз тапқан жоқ.Бұл – сол кезеңде өңірге келген геологтар мен инженерлердің ортақ еңбегі.

Қарашүңгілде табылған қара алтын  қазақ мұнайының жаңа дәуірін бастады. Бұдан кейін барлау жұмыстары күшейіп, Қарашүңгілдің ізімен жаңа кен орындары ашыла бастады. 1900–1910 жылдары Доссор мен Мақаттан қуатты мұнай қабаттары табылып, бүкіл әлемнің назары Ембі аймағына ауды.

1911 жылғы Доссор мұнай фонтаны – тарихтағы ең ірі ашылымдардың бірі. Мұнай сапасы соншалық, ол тіпті Баку мұнайымен бәсекелес деңгейде бағаланды.Осы кезеңнен бастап Атырау аумағы ресми түрде «Ембі мұнай алабы» аталып,алғашқы зауыттар, теміржолдар, өндірістік инфрақұрылым да осы жерде қалыптасты.

Уақыт өте барлау тереңдей түсті. Сөйтіп 1979 жылы – әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі Теңіз ашылды. Бұл ашылым Атыраудың мұнай астанасы статусын біржола бекітті. Осылайша қарапайым Қарашүңгіл фонтаны Доссор мен Мақаттың ірі ашылымдарына, ал кейін Теңіз сияқты алып кеніштерге жол ашты. Атырау — бұл жай ғана мұнайлы аймақ емес.

Бұл — Қазақстан мұнайының туған жері.Ғасырлық тарихы бар нағыз мұнай астанасы.

Ақтілек Базарбева