Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраудан — Миланға тікелей рейс іске қосылады

2025 жылдың 17 қарашасынан бастап италиялық Neos әуе компаниясы Атырау мен Милан қалалары арасында тікелей әуе рейсін іске қосады. Бұл – Қазақстанның батыс өңірінен Еуропаға ашылатын алғашқы тұрақты бағыттардың бірі. Енді Атырау тұрғындары сән мен мәдениеттің ордасы саналатын Миланға қосымша ұшып-қонусыз, тікелей жету мүмкіндігіне ие болады.

Рейс аптасына бір рет орындалады: сенбі күні — Атыраудан, ал сәрсенбі күні — Миланнан ұшады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін алдағы уақытта жиілік аптасына екі ретке дейін көбейтіледі деп жоспарланып отыр.

Билеттер бағасы да белгілі болды: эконом-кластағы орындар 528 доллардан (шамамен 283 000 теңге), ал премиум-класс билеттері 1 210 доллардан (шамамен 651 000 теңге) басталады. Билеттерді Neos компаниясының ресми сайтынан немесе ресми агенттіктер арқылы сатып алуға болады.

Ақкүн Серікқызы