Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық дзюдошы Шынар Бітімбай Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Индонезияда 13–14 қыркүйек күндері өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында атыраулық спортшы Шынар Бітімбай 70 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жеңіспен елге оралған спортшыны әуежайдан Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Тұрарұлы бастаған сала мамандары, жаттықтырушылар мен жанкүйерлер ерекше құрметпен қарсы алды.

Гүл шоқтары мен ыстық ықыласқа бөленген бұл сәт – жас дзюдошының табандылығы мен жеңіске деген жігерінің жемісі болды.