Атырау қаласынан келген Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры еліміздің өнер майталмандары жиналған Qit Fest халықаралық театр фестивалінде жоғары нәтижеге қол жеткізді!
Театр ұжымы көрермен назарына «Жалғыздық» спектаклін ұсынып, кәсіби деңгейі мен актерлік шеберлігі арқылы қазылар алқасының да, көрермендердің де зор ықыласына бөленді.
Осы еңбектің нәтижесінде атыраулық өнерпаздар жүлделі III орынға ие болды!
Бұл жеңіс — Махамбет театрының ұжымы үшін үлкен жетістік әрі Атырау өнерінің биік деңгейін көрсеткен тамаша нәтиже!
Театр ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа шабыт пен үлкен жеңістер тілейміз!
Ақтілек Базарбаева