Махаббат пен жастықтың асқақ үніне айналған айтулы шығарма. Қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазір де өз бақыты үшін күрескен Ербол мен Меңтайдың хикаясы - жан баласын бей-жай қалдырмайды. Өйткені, бұл - мәңгілік өшпейтін, мәңгілік ескірмейтін махаббат жыры. «Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар!»
- Г. Қамысбаева
- Тимур Қоесов
- 30 Қыркүйек 19: 00
- Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры
- Сілтеме
Жаугершілік заманда, бала кезінде Қыпшақ даласында тұтқындалып құлдыққа сатылған, кейін асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке жеткен Мысыр елінің даңқты қолбасшысы, кемеңгер билеушісі айналған әйгілі Әз Заhир Бейбарыстың күреске толы тағдыры, өмір жолы қойылымының өзегі болып табылады. Дүниеге даңқы жайылған, қолында билік пен байлықтың бәрі бола тұра, оның ешқашан орындалмас бір ғана арманы болды. Ол «бір түп жусан» еді. Бала кезінде есінде қалған жусанның иісін аңсап, мәңгілік сағынышы туған жерін аңсап өтеді
- Р. Отарбаев
- Т. Мұхтаров
- 09 Қыркүйек 19: 00
- Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры
- Сілтеме
Өмір мен өнердің ортасында өктем заманның тырнағына жараланған Ақынның жанын қаумалаған көп пенде түсінер ме?! Жүрегінен жарып шыққан жыры - жұртының мұңы еді. Мұңды ұқпай, жырды оқымас болар. Жырларымен жұртын аласармауға шақырған еді. Аласадан Биікті шамаламас болар. Бүкіл болмысымен Биіктікті байқатып кеткен Бард Табылдының тарпаң тағдырын толғайтын қойылымның айтар ойы тереңірек.
- Әлішер Рахат
- Тимур Қоесов
- 26 «тамыз» 19: 00
- Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры
- Сілтеме