Құрметті атыраулықтар мен қала қонақтары!
5 қазан күні Атырауда 8-ші ATYRAU MARATHON өтеді.
Марафон бағдарламасында 5 км, 10 км, 21 км және 42 км қашықтық бар. Жалпы жүлде қоры – 7 000 000 теңге.
Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден келген шамамен 3000 қатысушы қатысады. Сондай-ақ, 400 ерікті мен төреші жұмылдырылады.
Барша спорт сүйер қауымды үлкен спорт мерекесіне шақырамыз! ✨
🌟 Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 🌟
4 қазан күні сағат 20:00-де Исатай–Махамбет алаңында Қала күніне арналған «Туған жерім – Атырау» атты гала-концерт өтеді! 🎉
Кеш қонақтарына қазақстандық эстраданың жұлдыздары — Балжан Бидаш, Қазбек Құрайыш және Тұрар Ыдырыс өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
✨ Концерттің жүргізушілері: Дәулет Бижанов пен Гүлнүр Оразымбетова.
🎆 Кеш соңында көрермендерді әсерлі мерекелік от шашу күтіп тұр.
Баршаңызды қуанышқа толы мерекелік кешке шақырамыз! 🤗
Қала күні құтты болсын!
Ұлттық біріншілік аясында «Металлург» стадионында кезекті тартысты ойын өтеді. Жанкүйерлердің көзайымына айналған «Ұлытау» – «Атырау» командалары жасыл алаңда бақ сынайды.
- 27 Қыркүйек 15: 00
- «Металлург» стадионы
Атырауда «Biz de adambyz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ерекше жандардың қатысуымен шығармашылық кеш өтеді. Шарада мүгедектігі бар өнерпаздар өздерінің талантын паш етіп, көпшілікке рухани қуаныш сыйлайды.
- 27 Қыркүйек 18: 00
- Сұлтан Бейбарыс алаңы
Атырауда республикаға белгілі жергілікті әуесқой композитор Ғиззат Махуұлы Бисеновтің «Өнерім – өмірім» атты шығармашылық кеші өтеді.
- 26 Қыркүйек 19: 00
- «Атырау Жастар театры», Бауыржан Момышұлы 1