Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміз бойынша орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып ашу бастамасы жүзеге асырылуда. Соның 30-ы Атырау облысында құрылды.

Бейіндік сыныптарда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері аптасына бір рет шеберлік сағаттарын өткізеді. Бұл сабақтар сыныптан тыс іс-шаралар түрінде ұйымдастырылып, оқушылардың практикалық қабілетін дамытуға бағытталған.
Мақсат – мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға ерте бейімделуін қамтамасыз ету, кәсіби бағдарын қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру.
Бұл бастамаға өңірдегі 14 колледж және бір жұмыс беруші мекеме атсалысуда.
Айта кетейік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге мүмкіндік бар.
Ақтілек Базарбева