Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық Ерұлан MMA бойынша екі мәрте Әлем чемпионы атанды

2025 жылдың 27 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Грузияның астанасы Тбилиси қаласында MMA бойынша Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мықты спортшылар қатысқан бұл дүбірлі додада атыраулық жастар да өз күшін сынап, жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

Жарысқа қатысқан жерлестеріміздің нәтижесі көңіл қуантарлық болды:

🥉 Жастар арасында – Жақсылық Димаш үшінші орын иеленді.

🥉 Әйелдер арасында – Ахметова Диана да қола жүлдегер атанды.

🥇 Ал қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізген Қабдулов Ерұланы ерекше атап өтуге болады. Бұл – еліміз үшін де, облысымыз үшін де зор мәртебе.

Атырау спорты тарихына енген бұл жетістіктің артында қажырлы еңбегімен шәкірттерін үлкен жеңістерге жетелеп жүрген білікті бапкерлердің де үлесі зор. Осы орайда спортшыларды үлкен додаға дайындаған жаттықтырушылар – Берғали Бауыржан мен Жағпаров Саматқа ерекше алғыс білдірілді.

Бұл жеңіс – тек атыраулық спорт мектебінің емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Осындай табыстар жас буынға үлгі болып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Біз чемпиондарымызды мақтан тұтамыз және алдағы жарыстарда да тек жеңіс тілейміз! 

Ақтілек Базарбаева