Атырау облысында жылыту маусымының басталуына байланысты өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Осы мақсатта облыстық Төтенше жағдайлар департаменті арнайы баспасөз тур ұйымдастырды.

Іс-шара барысында мамандар өрттің алдын алу жолдарын түсіндіріп, заманауи өрт сөндіру техникаларының жұмысын көрсетті. Бұл техникалар төтенше жағдай кезінде өртті қысқа уақытта сөндіріп, адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар құтқарушылар өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану тәсілдерін көрсетіп, тұрғындарға пеш пен электр сымдарын дер кезінде тексерудің маңыздылығын еске салды. Мамандардың айтуынша, өрттің басым бөлігі пештің тазаланбауынан, ескі сымдар мен газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбаудан туындайды.
Баспасөз туры барысында қатысушылар төтенше жағдай кезінде құтқарушылардың шұғыл әрекет ету дағдыларын да тамашалады.
Мамандар тұрғындарды жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Естеріңізде болсын: өрт қауіпсіздігі — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз.
Ақтілек Базарбаева