Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Қазақстан волейболшылары әлемдік доданы сенімді түрде жалғастыруда

АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өтіп жатқан волейболды отырып ойнаудан Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы тағы да жеңіске жетті. Бүгін біздің спортшылар Канада командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, өздерінің мықты дайындықтары мен жоғары ойын өрнегін тағы бір дәлелдеді. 

Бұған дейін қазақстандықтар Италия мен Польшаны да дәл осы есеппен — 3:0 нәтижесімен жеңіп, турнир кестесінде көш бастап келеді.

Жанкүйерлер үшін маңызды матч ертең өтпек: 15 қазан күні Қазақстан құрамасы Франция волейболшыларымен кездеседі. Кездесу Астана уақытымен таңғы сағат 05:00-де басталады.

Біздің спортшыларға сәттілік тілейміз! Әлем кубогындағы жеңіс жолы жалғаса берсін! 

Ақтілек Базарбаева