Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық таеквондошы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Атыраулық жас спортшы Жанайбек Шамуратов Бахрейнде өткен III Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық сында ол өзбекстандық қарсыласымен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, Жанайбек Азия ойындарының вице-чемпионы атанып, ел намысын абыроймен қорғады. 

Айта кетейік, жарыс өтіп жатқан Бахрейн Корольдігі — Таяу Шығыста, Парсы шығанағындағы аралды мемлекет. Елдің астанасы — Манама қаласы. Биылғы Азия ойындары дәл осы елде өтіп жатыр.

Бұл жеңіс – жас спортшының ең алғашқы ірі халықаралық жетістігі. Ол Атырау облысының спорт мектебінің тәрбиеленушісі, жаттықтырушыларының айтуынша, Жанайбек алдағы уақытта ересектер арасындағы халықаралық турнирлерде де ел намысын қорғауға дайын.