Қарашаның 3–6 күндері аралығында Алматы қаласында Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өтетін «Auyl Sport – 2025» республикалық турнирі бастау алды. Бұл — ауыл жастарының спорттағы шеберлігін шыңдап, ел намысын қорғауға бағытталған ірі спорттық жоба.
Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеуден өткен 1700-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Ал олардың қатарында Атырау облысының атынан 82 талантты спортшы бар. Олар 7 түрлі спорт түрі бойынша бақ сынап, өңір намысын абыроймен қорғауға ниетті.
«Auyl Sport – 2025» турнирі ауыл балаларына жаңа мүмкіндік пен сенім сыйлап, ел спортының жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып отыр.