Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

AtyrauPress журналисі облыстық айтыста жеңімпаз атанды

Исатай ауданында «Ерлері ерен, тарихы терең Нарыным!» атты облыстық айтыс өтті. Шараға өңірдің танымал және жас ақындары қатысып, суырыпсалма өнер арқылы туған жердің тарихын, ел рухын жырлады.

Жыр додасында Индер, Қызылқоға, Мақат, Махамбет және Исатай аудандарынан келген ақындар бақ сынады. Әр жұптың айтысы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, сахна ұлттық рух пен поэзия мерекесіне айналды.
 
Нәтижесінде AtyrauPress сайтының журналисі Серікбол Панабердиев бірінші орынды иеленді. Ал бас жүлде Қызылқоға ауданынан келген Батыржан Кәдірбайға бұйырды.
 
Айтыс қорытындысы:
• Бас жүлде — Батыржан Кәдірбай
• I орын — Серікбол Панабердиев (AtyrauPress)
• II орын — Баймұрат Кеңесов пен Бимырза Әбілқайыр
• III орын — Амангелді Панабердиев пен Салауат Кәрімұлы
• Арнаулы сыйлық — Иса Нұрасыл және Нұрбек Сарбасов
 
Сыйақы қоры:
Бас жүлде — 500 000 теңге,
I орын — 400 000 теңге,
II орын — 300 000 теңгеден,
III орын — 200 000 теңгеден,
Ынталандыру сыйлықтары — 100 000 теңгеден.
 
Айтыс жас ақындар үшін үлкен тәжірибе алаңы болып, көрерменге шабыт пен мақтаныш сезімін сыйлады.