Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

«Erekshe Fashion»: Ерекше жандардың шексіз мүмкіндігін танытқан сән кеші

Өңірде ерекше жастардың қатысуымен инклюзивті сән көрсетілімі – «Erekshe Fashion» өтті. Жобаның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, қоғамдағы белсенділігін арттыру және инклюзивті мәдениетті дамыту.

Сән кешіне 20 қатысушы шығып, «Мадам Айсу» сән үйінің этно стильде дайындалған дизайнерлік үлгілерін және өз қолдарымен безендірген киімдерін жұртшылық назарына ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың арасынан екі жас алдағы кәсіби сән көрсетіліміне дайындалуда.

Іс-шараға «Nomad Studio» шығармашылық ұжымы қолдау білдіріп, сән кешінің көркем атмосферасын қалыптастыруға атсалысты.

Кеш соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. Бұл олардың өнер мен еңбек жолындағы алғашқы қадамдарына берілген зор қолдау болып отыр.

«Erekshe Fashion» – сән әлемі арқылы ерекше жандардың шексіз мүмкіндігін паш етіп, қоғамда теңдік пен бірлікті дәріптейтін игі шараға айналды.

Айта кетейік, мұндай инклюзивті дефиле республика көлемінде алғаш рет 2022 жылы Атырауда ұйымдастырылған болатын.