Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

UTEBAYEV UNIVERSITY – Азияның үздік жоғары оқу орындары қатарында!

Халықаралық QS Quacquarelli Symonds агенттігі жариялаған QS Asia University Rankings 2026нәтижесінде Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті (UTEBAYEV UNIVERSITY) алғаш рет Азияның ең үздік университеттері тізіміне енді.

Бұл жетістік – университеттің білім сапасын арттыру, ғылыми әлеуетін күшейту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жүйелі еңбегінің жемісі.

QS Asia University Rankings 2026 деректеріне сәйкес, Қазақстан биыл 112 елдің ішінен 44 жоғары оқу орнымен қатысып, Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнынсақтап қалды. Бұл – еліміздің жоғары білім беру жүйесінің қарқынды дамып, халықаралық деңгейде мойындалып келе жатқанының айқын дәлелі.

UTEBAYEV UNIVERSITY алдағы уақытта да аймақтық және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде өз орнын нығайтып, заманауи талаптарға сай инженерлер мен зерттеушілер буынын даярлауды жалғастырады.

– Біздің басты мақсатымыз – халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде өз орнымызды айқындап, заманауи, бәсекеге қабілетті инженерлер мен зерттеушілерді тәрбиелеу. Бұл жетістік – профессорлық-оқытушылық құрамның кәсібилігіне, студенттердің білімге деген ынтасына және индустриялық серіктестеріміздің қолдауына берілген жоғары баға, – деді университет ректоры Гүлзада Шакуликова.

Бұл нәтиже – тек университет ұжымы үшін ғана емес, Атырау өңірі мен жалпы еліміздің ғылымы үшін де зор жеңіс.

Ақтілек Базарбаева