Instagram-ның ресми аккаунты қазақстандық видеограф Дастан Мухамедрахимнің видеосын «Frolicking in the fields of Kazakhstan» / «Қазақстан даласында» деген жазбамен жариялады.
Бейнежазбада — шексіз дала, жасыл алқаптар мен қарлы таулар кинематографиялық стильде түсірілген. Видео қазірдің өзінде 48 миллионнан астам қаралым жинап, әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған жылы пікірлер алып жатыр.
Пікірлерде:
«Қазақстанның табиғаты — ең керемет!»,
«Сол жаққа барғым келіп кетті!»,
«Бұл еркіндік туралы фильм трейлері сияқты»
— деп жазуда.
Ал автордың өзі видеоны Instagram-ның ресми парақшасы жариялағаны ол үшін нағыз күтпеген тосынсый болғанын айтты
Ақкүн Серікқызы