Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Құрманғазылық оқушылар республикалық олимпиадада топ жарды

Елордада ауыл мектептері оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңға жуық жас зияткерлер бақ сынады.

Бұл додаға Атырау облысынан 28 оқушы қатысып, олардың арасынан Құрманғазы ауданының 6 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Бостан Нұртілек – Құрманғазы ауданы, Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектеп, 9-сынып, химия пәні

Ғалымжан Марат – Құрманғазы ауданы, Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектеп, 9-сынып, химия пәні

 Өмірзах Нұрасыл – Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп, 11-сынып, география пәні

 Кисметов Данабек – Михаил Ломоносов атындағы орта мектеп, 10-сынып, химия пәні

 Есетов Ержігіт – Михаил Ломоносов атындағы орта мектеп, 11-сынып, биология пәні

Таңатарұлы Бекнұр – Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп, 11-сынып, математика пәні

Бұл жетістік – ауданымыздағы білім сапасының артып келе жатқандығының, оқушыларымыздың талпынысы мен ұстаздардың еңбегінің айқын көрсеткіші.

Сонымен бірге, Атырау облысы жалпы командалық есепте ІІ орын алып, «Ең үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды.

Барлық жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз молайып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!